Сирақ сүйектері (кости голени) — skeleton cruris — асықты жілік пен
шыбық сүйектен тұрады.
Асықты жілік (большая берцовая кость) — tibia — ұзын куысты сүйек
ретінде, проксимальды жəне дистальды эпифиздерден жəне жілік денесі -
диафизден тұрады. Оның қомақгы келген үш қырлы проксимальды эпифизін
латеральды жəне медиальды айдаршықтар (condylus lateralis et medialis)
құрайды. Олардың жоғарғы буын беттерінде латеральды жəне медиальды
төмпешіктермен
шектелген
айдаршықтараралық дөңес (eminentia
intercondylaris) орналасады. Латеральды жəне медиальды айдаршықтарды
бір-бірінен, жіліктің алдыңғы жағындағы жазғыш сай (sulcus extensorius)
мен артқы бетіндегі тобықасты ойық (incisura poplitea) бөліп жəне шектеп
тұрады. Латеральды айдаршыкдың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек
басымен байланысатын бұдырлау бет (күйіс қайтаратын жануарлардан
басқаларында) көрінеді. Асықты жілік диафизінің алдыңғы бетінде,
латеральды айдаршықтан төмен қарай бағытталып, жазғыш сайды шектеп
тұрған асықты жілік қыры (crista tibiae) болады. Дистальды эпифиз, оның
екі бүйір қапталынан төмен шығып тұрған латеральды жəне медиальды
қайықша (malleolus lateralis et medialis) өсінділермен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |