Морфология


тарылтқыш  (констриктор),  кеңейткіш



Pdf көрінісі
бет418/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   1132
тарылтқыш  (констриктор),  кеңейткіш  (дилятатор),  қысқыш  (сфинктер), 

кері  тартқыш  (ретрактор),  айналдырғыш  (ротатор)  болып  бөлінеді. 

Айналдырғыш  бұлшық  еттер  өз  кезегінде:  сыртқа  айналдырғыш 

(супинатор) жəне ішке айнаддырғыш (пронатор) бұлшық еттерге бөлінеді. 

 

 

 

 



212 

 

Бұлшық еттердің көмекші мүшелері 



 

Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде 

көптеген  мүшелер  көмектеседі.  Оларды  бұлшық  еттердің  "көмекші 

мүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше 

сүйектер  мен  сүйек  шығырлары,  беткей  жəне  терең  шандырлар,  синовиялы 

жəне  кілегейлі  қапшықтар  мен  бұлшық  ет  сіңірлерінің  қьшаптары  жатады, 

Жануарлар  тері  жабынының  астында,  тығыз  орналасқан  коллаген 

талшықтарынан құралған дəнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап 

жатады.  Бұл  тығыз  дəнекер  ұлпалық  қабықшаны  беткей  шандыр  (fascia 

superficialis)  —  деп  атайды.  Беткей  шандыр  қаңқа  сүйектерімен 

байланыспайды.  Ол  өз  кезегінде  екі:  сыртқы  жəне  ішкі  қабаттардан  тұрады. 

Бұлардың  арасында  қаңқа  сүйектеріне  байланыспаған,  теріні  қозғап 

сілкіндіретін  теріасты  бұлшық  еттері  (musculus  cutaneus)  орналасады. 

Терең  шандырлар  (fascia  profunda)  жеке  бұлшық  еттерді  немесе  бұлшық 

еттер  топтарын  сыртынан  қаптап,  бұлшық  еттермен  бірге  қаңқа  сүйектеріне 

бекиді.  Шандырлар  бұлшық  еттердің  бір-біріне  жабыспауын  қамтамасыз 

етіп, тіректік қызмет атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет