Морфология



Pdf көрінісі
бет485/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   1132
5.  Алмұртша  бұлшық  ет  (m.  piriformis)  жеке  бұлшық  ет  ретінде  тек 

итте  ғана  кездеседі.  Алмұртша  бұлшық  ет  құйымшақ  сүйек  пен  құйымшақ-

шонданай  байламынан  басталып,  бұлшық  еттің  сіңірлі  құйрығы  ортан 

жіліктің  үлкен  ұршығында  аяқталады.  Бұлшық  ет  беткей  бөксе  бұлшық 

етінің астында жатады. 

Қызметі.  Алмұртша  бұлшық  ет  бөксе бұлшық  еттерімен бірге  жамбас-

ортан жілік буынын жазуға қатысады. 



Санарты экстензорлар тобының бүлшық еттері: 

1.  Санның  екібасты  бұлшық  еті  (m.  biceps  femoris)  жамбас  пен  сан 

аумағы  терісі  мен  шандыры  астында  орналасқан  ет.  Оның  бір  басы 

құйымшақ  сүйектің  жоталық  өсінділері  мен  құйымшақ  шонданай 

байламынан,  ал  екінші  басы  шонданай  төмпегінен  басталып,  бұлшық  еттің 

екі  басы  ортақ  құрсақка  бірігеді  де,  жалпақ  сіңірге  айналады.  Аяқталатын 



234 

 

жерлеріне  байланысты  бұлшық  еттің  жалпақ  сіңірі  тобықтық,  асықты 



жіліктік  жəне  өкшелік  тармақгарға  ажырайды.  Олар  тобық  аумағының, 

асықты жілік қырының жəне өкше төмпегінің латеральды бетінде аяқталады. 

Бұлшық еттің өкшелік тармағы басқа бұлшық еттердің сіңірлерімен қосылып, 

тірсек сіңірін /ахилл сіңірі/ құрайды. Ол өкше төмпегінде аяқталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет