Морфология



Pdf көрінісі
бет488/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   1132
Ерекшеліктері.  Жылқыда  жартылай  жарғақты  бұлшық  ет  шонданай 

төмпегінен  жəне  алғашқы  III  жəне  IV  құйрық  омыртқалар  мен  құйымшақ 

сүйектен  басталып,  ортан  жілік  пен  асықты  жіліктің  медиальды 

айдаршықтарында жəне тобықтың медиальды тік байламында аяқталады. Ал 



басқа  жануарларда  бұлшық  ет  шонданай  төмпегінен  басталады.  Итте 

бұлшық еттің екі құрсағы болады. 



Қызметі.  Жартылай  жарғақгы  бұлшық  ет  жамбас-ортан  жілік  буынын 

жазады.  Жылқыда  бұған  қосымша  тобық  буынын  бүгіп,  оны  ішке  қарай 

бұрып айналдырады. 



235 

 

4.  Санның  шаршы  бұлшық  еті (m.  quadratus  femoris)  шонданай  сүйек 

денесінің  төменгі  бетінен  басталып,  ортан  жіліктің  ұршық  шұңқырында 

аяқталады. 



Қызметі.  Санның  шаршы  бұлшық  еті  жамбас-ортан  жілік  буынын 

жазады  жəне  буынның  алдыңғы  бетін  сыртқа  қарай  бұрып,  супинатор 

бұлшық етінің қызметін атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет