Морфология


Экстензорлар.  І.Бақайдың  ұзын  жазғыш  бұлшық  етінің



Pdf көрінісі
бет507/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   1132
Экстензорлар.  І.Бақайдың  ұзын  жазғыш  бұлшық  етінің  (т.  extensor 

digitorum  longus)  құрсағы  асықты  жіліктің  дорсальды  бетінде  жатады.  Ол 

ортан  жіліктің  латеральды  айдаршыкүсті  жазғыш  шұңқырынан  басталып, 

асықты  жіліктің  жазғыш  сайы  арқылы,  оның  дорсо-латеральды  бетінде 

шығады.  Бұлшық  еттің  сіңірлі  құйрығы  жануарлар  бақайларының  санына 

сəйкес  сіңірлі  бөліктерге  ажырайды  да,  тұяқ  (итте  —  тырнақ)  сүйектің 

жазғыщ өсіндісінде аяқталады. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  бақайдың  ұзын  жазғыш  бұлшық  еті  тері 

астында  беткей  орналасады.  Жіліншік  аумағында  бұлшық  еттің  сіңірі 

бақайдың  қысқа  жəне  бүйірлік  жазғыш  бұлшық  еттері  сіңірлерімен  бірігіп, 

тұяқ сүйектің жазғыш өсіндісінде аяқталады. 



Күйіс  қайтаратын  жануарларда  бұлшық  ет  үшінші  шыбық  бұлшық 

етінің  астында  жатып,  онымен  бірге  басталады  да,  екі  ет  құрсағына 

ажырайды.  Медиальды  терең  құрсағының  сіңірі  III,  ал  латеральды  беткей 

құрсағы III жəне IV бақайларда аяқталады. 



Шошқада  да  бақайдың  ұзын  жазғыш  бұлшық  еті  үшінші  шыбық 

бұлшық  етінің  астында  жатып,  онымен  бірге  басталады.  Еттің  ортаңғы, 

медиальды  жəне  латеральды  құрсақтары  болады.  Ортаңғы  құрсақ  сіңірі  III 

жəне IV бақайлардың тұяқ сүйектерінде, медиальды құрсақ сіңірі III бақайда, 

лйтеральды құрсақ сіңірі II жəне V бақай сүйектерінде аяқталады. 

Итге  бақайдың  ұзын  жазғыш  бұлшық  етін  асықты  жіліктің  аддыңғы 

бұлшық  еті  сыртынан  жауып  жатады.  Бұлшық  ет  сіңірі  II  жəне  V  тырнақ 

сүйектерінде аяқталады. 



241 

 

Қызметі. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті бақай буындарын жазып, 

тілерсек буынының бүккіш жəне тобық буынының жазғыш бұлшық еттеріне 

көмектеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет