Морфология



Pdf көрінісі
бет548/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

үлкен 

шарбыға 

айналған. 

Қарын 

мен 


бауырды 

байланыстыратын  вентральды  шажырқайдың  қалдығынан  кіщі  шарбы 

дамып  жетіледі.  Ішкі  мүшелер  сірлі  қабықтары  бір  мүшеден  екінші  мүшеге 

өткен  кезде  қос  қабаттанып,  ішкі  мүшелерді  бір-бірімен  байланыстырып 

тұратын  байламдар  түзеді.  Бұларға  қарын  мен  көкбауырды,  бауыр  мен 

бүйректі байланыстыратын байламдарды жатқызуға болады. 

Жамбас  қуысындағы  ішперде  жатыр,  қуық,  жыныс  мүшелерін  белгілі 

бір  қалыпта  ұстап  тұратын  байламдарды  түзеді.  Оларға:  1.  Жалпақ  жатыр 



байламы  (ligamentum  uteri  latum)  сірлі  қабық  жамбас  қуысы  қабырғасының 

екі  бүйірінен  жатырға  екі  қабаттанып  өтіп,  оны  куыс  ортасында  ұстап 

тұрады.  Еркек  жануарларда  бұл  байламда  шəует  жолы  мен  несепағар 

орналасады;  2.  бүйірлік  куық  байламы  (ligamentum  vesicae  lateralis)  сірлі 

қабық  жамбас  куысы  қабырғасының  екі  бүйірінен  қуыкқа  екі  қабаттанып 

өтеді де, қуықты жамбас куысы ортасында бекітіп ұстап тұрады. 3. Орталық 



куық  байламы  (ligamentum  vesicae  medianum)  қуықтан  жамбас  қуысының 

қабырғасына, одан соң құрсақ куысының қабырғасына барып бекиді. 

Жамбас  қуысында  ішперде  сірлі  қабығы  құйымшақтан  төмен  иіліп,  тік 

ішекке  өткен  жерде,  тік  ішек  маңы  шұңқырын  (fossa  pararectalis),  тік 

ішектен  жыныс  мүшелеріне  иіліп  үңгіленіп  өтіп,  тік  ішек-жыныс  үңгісін 

(excavatio  rectogenitalis),  жыныс  мүшелерінен  қуыққа  өтер  жерде  қуық-



жыныс  үңгісін  (excavatio  vesicogenitalis),  қуықтан  жамбас  куысының 

вентральды  қабырғасына  иіліп  өтіп,  шат-қуық  үңгісін  (excavatio 

pubovesicflis) түзеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет