Морфология



Pdf көрінісі
бет558/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   1132
Азық  қорыту  аппараты  (пищеварительный  аппарат)  —  apparatus 

digestorius — азықты қабылдау, оны механникалық өңдеуден өткізу (ұсақтау, 

жібіту,  араластыру),  мүшелерден  мүшелерге  жылжыту,  биологиялық 

(микроорганизмдердің 

көмегімен 

бактериялар, 

қарапайымдар, 

саңырауқұлақтар) жəне химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректік 

заттарды сіңіру, азыққалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратын 

ішкі мүшелерден тұрады. Азық қорыту аппараты сыртқы ортамен жануарлар 

денесіндегі  екі  табиғи  дене  тесіктері  (кіреберіс  тесік  —  ауыз  саңылауы, 

шығаберіс тесік — аналь тесігі) арқылы қатысады. Ол негізінен жүйелі түрде 

кезектесе  орналасқан  түтікше  мүшелерден  жəне  олармен  өзектер  арқылы 

байланысқан  ірі  ас  қорыту  бездерінен  құралған.  Азық  қорыту  аппаратын 

фило-онтогенездік  тұрғыдан  төрт  бөлімге  бөледі.  Олар:  бас,  алдыңғы, 

ортаңғы жəне артқы бөлімдер. 

1.  Бас бөлімге  ауыз  қуысының  мүшелері  мен  жұтқыншақ жатады.  Олар 

бірігіп, ауызжұтқыншақты құрайды. 

2. Алдыңғы бөлім оңеш пен қарыннан тұрады. 

3. Ортаңғы бөлімге ащы ішек (он екі елі, аш, мықын ішектер) пен ірі ас 

қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады. 

4. Артқы бөлім жуан ішектен (бүйен, тоқ, тік ішектер) тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет