Морфология



Pdf көрінісі
бет559/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

 

АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚұРЫЛЫСЫ 

 

Ауыз  куысы  (ротовая  полость)  —  cavum  oris  —  жұтқыншақпен 

жалғасып, бас бөлімді кұрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rima 

oris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі — есік (isthmus faucium) деп 

аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ тандай арасында болады. Ауыз қуысы екі 

бөлімнен:  ауыздың  кіреберіс  бөлімінен  (vestibulum  oris)  жəне  өзіндік  ауыз 

куысынан (cavum oris proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы 

қабырғасын еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер кұрайды. 

Ал  өзіндік  ауыз  куысы  қызыл  иек  пен  тістен  жұтқыншаққа  дейінгі  кеңістік. 

Ауыз  қуысы  мүшелерінің  ішкі  бетін  тері  типтес  кілегейлі  қабық  қаптап 

жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден жəне оның 

астындағы  өзіндік  тақташадан  (борпылдақ  дəнекер  ұлпасы)  тұрады.  Ауыз 



268 

 

қуысының  мүшелері:  жоғарғы  жəне  төменгі  ерін,  ұрт,  тіс,  қызыл  иек,  қатты 



жəне жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері. 

Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол 

үш  қабықтан:  ішкі  кілегейлі,  ортаңғы  етті  (ауыздын  дөңгелек  бұлшық  еті) 

қабықтардан жəне сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабык екі қабаттан: ішкі 

көпқабатты  жалпақ  эпителийден  жəне  оның  астындағы  өзіндік  тақташадан 

тұрады.  Жоғарғы  жəне  төменгі  ерін  (labium  superius  et  inferius)  кілегейлі 

қабықтарында  еріннің  майда  қабырғалық  сілекей  бездері  (glandulae  labiates) 

орналасады.  Олардың  өзектері  ауыз  куысына  ашылады.  Жоғарғы  жəне 

төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын езу (angulus oris) - 

деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет