Ерекшеліктері. Жылқының еріндері қалың, ұзын жəне қозғалмалы
келеді. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен (mentum) жалғасады. Еріннің езуі
азу тістің алдыңғы жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау
келеді жəне нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі
аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған қаңсар (planum naso-labiale)
созылып жатады. Қаңсарда сір сүйығын бөлетін сірлі бездер орналасады.
Əдетте, сұйықтың булануы нəтижесінде қаңсардың сыртқы беті тұрақты
ылғалды да, салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |