Морфология



Pdf көрінісі
бет603/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   1132
Өңештің  сыртқы  қабығы,  оның  мойын  бөлігінде  адвентиция 

қабығынан 

(борпылдақ 

дəнекер  ұлпасы), 

ал 

көкірек 


пен 

құрсақ 


куыстарындағы  бөліктерінде  сірлі  қабықтан  тұрады.  Адвентицияны 

борпылдақ дəнекер ұлпасы  құрайды.  Ал  сірлі қабық екі қабаттан: ішкі  жұқа 

дəнекер  ұлпалық  қабаттан  жəне  сыртқы  бірқабатты  жалпақ  эпителий 

ұлпасынан (мезотелийден) тұрады. 



Ерекшеліктері. Жылқының өңешінде кілегей бөлетін бездер, оның тек 

жұтқыншақпен  шекаралас  алдыңғы  бөлігінде  ғана  болады.  Етті  қабығында 

көлденең  жолақты  бұлшық  ет  ұлпасының  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасына 

ауысуы  өңештің  жүректен  кейінгі  бөлігінде  ғана  байқалады.  Диафрагманың 

өңеш  тесігі  12  -  қабырға  тұсында  орналасады.  Күйіс  қайтаратын 

жануарлар  өңештерінде  кілегей  болетін  бездер  оңештің  тек  басталар 

аймақтары қабырғаларында ғана кездеседі. Шошқада бездер өңештің мойын 

бөлігінде  орналасады.  Етті  қабығының  қарынға  жақын  соңғы  бөлімдері 

бірыңғай  салалы  ет  ұлпасынан  тұрады.  Итте  кілегей  бөлетін  бездер  жақсы 

жетілген. Олар өңештің барлық бөлімдерінде болады. Кілегейлі өңеш бездері 

кұрылысы  жағынан  күрделі  көпіршікше-  түтікше  бездерге  жатады.  Без 

ацинустары  (соңғы  бөлімдері)  өңештің  кілегейлі  қабығының  кілегейліасты 

негізінде  орналасады.  Ацинустардың  құрылысы  сілекей  бездеріндегі 

кілегейлі  ацинустар  құрылысына  ұқсас,  яғни  олардың  қабырғаларын 

бірқабатты  призма  тəрізді  мукоциттер  құрайды.  Бездердің  шығару  өзектері 

өңештің  ішкі  бетіне  ашылып,  өңеш  кілегейлі  қабығының;  ішкі  бетін  сылап 

тұратын кілегей бөледі. 

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет