Морфология


Көмекей  мен  кеңірдектің  дамуы



Pdf көрінісі
бет657/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   653   654   655   656   657   658   659   660   ...   1132
Көмекей  мен  кеңірдектің  дамуы.  Көмекейдің  шеміршектік  негізі 

филогенезде  IV  ,  V  жəне  VI  жұп  желбезек  доғаларының  қалдықтарынан 

дамиды.  Оның  бүйір  шеміршектерінің  алғашқы  жұбын  қосмекенділерден 

байқауға  болады.  Кейіннен  олар  өзара  бірігіп,  сакинаша  шеміршекті  түзеді. 

Бауырымен  жорғалаушылар  мен  сүтқоректілерде  сақинаша  шеміршектің  IV 

жəне  V  желбезек  доғалары  қалдықтарынан  дамыған  дорсальды  шеміршек 

тақташасы болады. Осы сақинаша шеміршектен каудальды бағытта кеңірдек 

пен  бронхтардың  шеміршек  пластинкалары  қалыптасады.  Көмекейдің  бүйір 

шеміршектерінен  ожауша  шеміршектер  бөлініп  шығады.  Сүтқоректілердің 

көмекейі  қабырғасында  аталған  шеміршектермен  қатар,  қалқанша  жəне 

бөбешік  шеміршектер  де  жетіледі.  Бұлардың  пайда  болуы  көмекейдің 

атқаратын  қызметіне  тікелей  байланысты  болса  керек.  Бөбешік  пен  ожауша 

шеміршектер  жұғыну  кезінде  көмекейдің  кіреберіс  тесігін  жауып,  азықтың 

тыныс  жолдарына  түсіп  кетпеуін  қамтамасыз  етеді.  Ал  қалқанша 

шеміршектің пайда болуы жұтқыншақтың етті мүше ретінде қалыптасуы мен 

дыбыс  мүшесінің  жетілуіне  байланысты.  Өйткені,  оған  аталған  мүшелердің 

бірқатар бұлшық еттері келіп бекиді. 

Эмбриогенезде  көмекей  мен  кеңірдек  алдыңғы  ішектің  вентральды 

қабырғасынан  томпайып  қалыптасып,  одан  əрі  дамып  жетіледі.  Алғашқыда, 

ішек  қабырғасында  ұзынша  сай  байқалады.  Кейіннен  ол  тыныс  алу  түтігіне 

айналады. Тыныс алу түтігі алдыңғы бөлігінің ішекпен байланысқан тұсынан 

көмекей  дамиды.  Ал  ішектен  ажыраған  оның  каудальды  бөлігінен  кеңірдек 

пен бронхтар жетіледі. 

Өкпенің  дамуы.  Өкпе  балықтардың  қарапайым  жұп  торсылдағының 

күрделеніп  өзгеруі  нəтижесінде  дамиды.  Жануарлардың  атмосфералық 

ауамен тыныс алуына байланысты, торсылдақ туындылары негізгі газ алмасу 

мүшесі  өкпеге  айналады.  Өкпенің  дамуы  негізінен  бір  бағытта  жүреді.  Ол 

өкпенің  ауамен  жанасатын  тыныс  алу  беті  ауданының  ұлғаюы  нəтижесінде 

жүзеге  асады.  Бауырымен  жорғалаушылардан  бастап,  жануарлардың  тыныс 

алу процесінде терінің үлесі кеміп, керісінше, өкпенің маңызы арта бастайды. 

Бұның өзі өкпеде көптеген жұқа қабырғалы көпіршіктердің (альвеолалардың) 




308 

 

альвеолалар  қапшықтарының,  негізгі  жəне  жанама  бронхтар  тарамдарының 



пайда  болуына  өсерін  тигізеді.  Өкпе  құрылысының  күрделенуі  өз  кезегінде 

кіші қан айналым шеңбері мен жүрек құрылымдарының күрделенуіне ықпыл 

етеді. 

Онтогенезде тыныс алу мүшелері көмекей, кеңірдек жəне өкпе алдыңғы 

ішектің вентральды қабырғасынан пайда болған тыныс алу түтігінен дамиды. 

Кеңірдекке  айналған  тыныс  алу  түтігінің  каудальды  бөлігінен  томпайып 

шыққан жұп өсінді оң жəне сол жаққа ажырап, негізгі бронхтарды түзеді. Өз 

кезегінде  олар  көптеген  бронхтар  тарамдарына  таралып,  соңында 

көпіршіктер 

(альвеолалар) 

тарамдарымен 

аяқталады. 

Бронхтар 

мен 

альвеолалар  дəнекер ұлпалықнегіз  арқылы өзара  бірігіп,  өкпені  түзеді.  Даму 



барысында  өкпе  көкірек  қуысына  еніп,  оның  сірлі  қабығы  плеврамен 

қапталады. 

Эмбриондық  кезеңде  мұрынның  кіреберісі  эктодермадан,  қалған 

мүшелердің эпителий қабаттары мен қабырғалық бездері энтодермадан, сірлі 

қабықтары  мезодерма  спланхнотомынан,  тыныс  алу  мүшелерінің  стромасы 

мезенхимадан дамиды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   653   654   655   656   657   658   659   660   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет