Морфология


Мұрын (нос) — nasus — жəне мұрын қуысы



Pdf көрінісі
бет658/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   1132
Мұрын (нос) — nasus — жəне мұрын қуысы (носовая полость) - 

cavum nasi — тыныс жолдарының басталар бөлігі. Мұрын куысында ауа 

жылынады, дымқылданады,  құрамындағы  шаңтозаңнан  тазаланады  жəне иіс 

сезімі  мүшесінің  қатысуымен  ауа  құрамындағы  заттардың  иістері 

анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады. 

Мұрын  ішкі  жағынан  мұрын  пердесі  (septum  nasi)  арқылы  екі  мұрын 



қуысына  (cavum  nasi)  бөлінеді.  Мұрын  қуыстарының  кіреберіс  жəне 

шығаберіс  тесіктері  болады.  Кіреберіс  тесіктерін  мұрын  тесіктері  (nares),  ал 

мұрын  қуыстарынан  жұтқыншаққа  шығатын  шығаберіс  тесіктерін  хоана 

(сһоапа)  тесіктері  -  деп  атайды.  Мұрын  қуысы  тиісті  тесіктер  арқылы 

мұрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларымен қатысады. 

Мұрынның  мұрын  ұшынан  маңдайға  дейін  созылып  жатқан  жоғарғы 

беті  мұрын  арқалығы  (dorsum  nasi),  ал  мұрын  арқалығының  мандайға 

жанаса  бітетін  жерін  мұрын  түбірі  (radix  nasi)  —  дейді.  Жоғарғы  еріннің 

үстіңгі  жағындағы  мұрын  ұшының  (apex  nasi)  пішіні  барлық  жануарларда 

бірдей  емес.  Мұрынның  сүйекті  негізін  бассүйектің  бет  бөлімінің  сүйектері 

құрайды.  Оның  сүйектік  негізінің  екі  бүйірін  жоғарғы  жақ  жəне  тұмсық 

сүйектері;  артқы  қабырғасын  торлы  сүйек;  алдыңғы  мұрын  ұшын  тұмсық 

сүйек  пен  мұрын  шеміршектері;  мұрын  түбін  тұмсық,  жоғарғы  жақ  жəне 

тандай  сүйектері;  мұрын  арқалығын  мұрын  сүйек  құрайды.  Ал  мұрын 

пердесінің негізі перделік шеміршектен (cartilago septi nasi) тұрады. 

Мұрын  ұшында  орналасқан  мұрын  қуысы  кіреберіс  тесігінің  бүйір 

қабырғасы  (танау)  мұрын  қанатымен  (ala  nasi)  шектелген.  Мұрын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет