КЕҢІРДЕК
Кеңірдек (трахея) — trachea — көмекейді өкпе бронхтарымен
байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты
екі бөлікке бөлінеді. Олар: мойын жəне көкірек бөліктері. Кеңірдектің
қабырғасы үш қабыктан: ішкі кілегейлі қабықтан, ортаңғы талшыкты-
шеміршекті қабықтан жəне сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал
көкірек куысында сірлі қабық — плеврадан тұрады. Ортаңғы қабығының
негізін жоғарғы ұштары тұйықталмаған шеміршек сақиналары құрайды.
Кеңірдек сақиналарының жоғарғы бос ұштары бір-бірімен кеңірдек байламы
мен кеңірдек бұлшық еті арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы
жағында, ауаны аттас өкпелерге жеткізетін сол жəне оң негізгі бронхтарға
ажырайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек
бифуркациясы (bifurcatio tracheae) — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |