317
Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос
ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек сақиналарының саны — 46-
50. Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің алдыңғы бөлігіне қосымша
кеңірдектік бронх (bronchus trachealis) ажырайды.
Ұсақ малдарда кеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны — 45-56.
Бұларда да кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігіне
кеңірдектік бронх ажырайды.
Шошқа кеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны — 31-36. Олардың
пішіні цилиндр тəрізді болып келеді. Сақиналардың бос ұштары ұзын болып
келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге
кеңірдек бифуркациясынан бұрын ажырайтын кенірдектік бронх болады.
Ит кеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады.
Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырып
тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: