Морфология


  Тегіс  көпемізікшелі  бүйрек



Pdf көрінісі
бет707/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

3.  Тегіс  көпемізікшелі  бүйрек  шошқада,  маймылдарда  жəне  адамда 

болады.  Бүйрек  сыртынан  қарағанда  тегіс  болғанымен,  ішкі  кескінінде 




328 

 

көптеген  емізікшелерден  тұрады.  Бұларда  да,  емізікшелер  түтіктері 



тостағаншаларға  ашылып,  олардан  шығатын  қысқа  сабақшалар  бірігіп, 

бүйрек қақпасы маңындағы қуыс мүше — бүйрек түбегіне ашылады. Бүйрек 

түбегінен несепағар шығады. 

4.Тегіс  біремізікшелі  бүйрек  барлық  жыртқыш  жануарларда,  қойда, 

ешкіде, жылқыда, түйеде т.б. көптеген жануарларда болады. Бүйрекшелердің 

барлық  аймақтары  бірігіп  кетеді  де,  бірыңғай  орналасқан  қыртысты, 

шекаралық  жəне  бозғылт  аймақтарды  түзеді.  Бүйректің  сырты  тегіс,  ішкі 

кескінінде  бір  емізікше  көрінеді.  Емізікше  түтікшелері  бүйрек  түбегіне 

ашылады. Тостағаншалар мен сабақшалар болмайды. 

Бүйрек  құрылысы  жағынан  паренхималы  мүше.  Оның  паренхимасын 

жануарлардың түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікшелері — 



нефрондар  құрайды.  Нефронның  қан  капиллярлары  шумағын  сыртынан 

қаптайтын,  іші  куыс  екі  қабат  бірқабатты  жалпақ  эпителийден  құралған 

бастама  бөлігін  бүйрек  денешігінің  қапшығы  деп  атайды.  Қан  капиллярлар 

шумағына  артерия  қаны  əкелгіш  артериола  арқылы  ағып  келеді.  Бұл 

шумақтан  артерия  қаны  əкеткіш  артериоламен  ағып  шығады.  Əкелгіш 

артериоланың арнасы əкеткіш артериола арнасына қарағанда 5-6 еседей кең. 

Демек, капиллярлар шумағынан ағып шығатын қанның мөлшері ағып келетін 

қан  мөлшеріне  қарағанда  бірнеше  есе  аз  болады.  Осыған  байланысты  қан 

капиллярларындағы  қанның қысымы көтеріліп, нəтижесінде  қанның сұйығы 

капиллярлардың  қабырғасы  жəне  бүйрек  денешігінің  ішкі  қабаты  арқылы, 

оның  қапшығы  қуысына  сүзіліп  шығады  да,  алғашқы  зəрге  айналады. 

Нефрон денешігі тығыз жанасқан екі бөліктен: қан капиллярлары шумағынан 

жəне  оны  сыртынан  қаптаған  бүйрек  денешігінің  қапшығынан  құралған. 

Нефрондар  бүйрек  денешігінен  басқа,  проксимальды,  жіңішке  жəне 

дистальды  бөлімдерден  құралған.  Бұлардың  қабырғалары  бөлімдердің 

атқаратын  қызметтеріне  байланысты  бірқабатты  текше  немесе  бірқабатты 

жалпақ  эпителийден  тұрады.  Алғашқы  несептен  аталған  бөлімдерден  ағып 

өту  барысында  организмге  керекті  заттар  кері  қанға  сорылып,  керек  емес 

заттар  қосымша  қаннан  несепке  шығарылады  да,  нефронның  соңына  қарай 

нағыз  несепке  айналады.  Бүйректің  стромасы  (борпылдақ  дəнекер  ұлпасы) 

арқылы қан, лимфа тамырлары мен бүйректің қызметін атқаратын жүйкелер 

өтеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет