329
бірігуінен түзілген екі негізгі өзек — несеп жолдары болады. Олардың
қосылуы нəтижесінде бүйректен зəрді қуыққа алып шығатын несепағар
пайда болады. Бүйрек пирамидаларының саны — 8-22. Оң бүйрек құрсақ
куысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырғалар мен 2-3 -інші бел
омыртқалардың аралығында орналасады. Бүйректің пішіні ұзынша сопақ
болып келеді. Сол бүйрек көбіне оң бүйректен соң, бел аумағының
оңжағында, 2 жəне 5 -інші бел омыртқалардың аралығында орналасады. Бұл
жағдай мес қарынның азықпен толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда,
мес қарын азыққа толып, сол бүйректі бел аумағының оң жағына қарай
ығыстырады. Сол бүйректің артқы ұшы алдыңғы ұшына қарағанда қалыңдау
болып келеді жəне сəл бұралып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: