Қой мен ешкі бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек
пирамидаларының саны — 10-16. Оң бүйрек құрсақ қуысы бел аумағының оң
жағында, 12-13 -інші қабырға мен 2 -нші бел омыртқа аралығында, ал сол
бүйрек оң бүйректің артқы жағында (мес қарынның ығыстыруы нəтижесінде)
3 жəне 6 -ншы бел омыртқалар аралығында жатады.
Шошқа бүйректерінің пішіні лобия тəрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек.
Бүйрек
пирамидаларының
саны
—
10-12.
Олардың
əрқайсысы
тостағаншалармен қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне ашылады. Екі
бүйрек те бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң жəне сол
жақтарында, 1-4 -інші бел омыртқалар тұсында қатар орналасады.
Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің
пішіні тараққа ұқсас. Бүйрек пирамидаларының саны — 12-17. Екі бүйрек те
бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң жəне сол жақтарында, 1-3-інші
бел
омыртқалар
аралығында
қатар
орналасады.
Бүйрек
түбегінде
тостағаншаның орнында түтікшелер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |