плазмасынан сүзілу арқылы түзіледі. Бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне
331
көп мөлшерде ағып келіп, аз мөлшерде ағып кетеді. Осыған байланысты, қан
капиллярларының арнасында жоғары қан қысымы пайда болып, қан
суйығының қан капиллярлары ның қабырғалары арқылы сүзіліп шығуына
ықпалын тигізеді. Оның үстіне, қан капиллярларының қабырғаларында
диаметрі 70-90 нм тесіктер болады. Капиллярлардьщ аралықтарында
перициттер төрізді жұлдызша тамырлараралық (мезангиальды) жасушалар
болады. Олар өсінділерімен капиллярлар эндотелиоциттеріне жанасып
жатады. Бүйрек денешігінің ішкі қабатын құрайтын тым жұқа (бірқабатты
жалпақ эпителий) эпителий жасушалары — подоциттер де, капиллярлар
эндотелиоциттеріне сыртқы жағынан тығыз жанасып жатады. Олардың
аралықтарында тек негіздік жарғақ қана қалады. Пішіні жалпақ келген өте
жұқа подоциттердің көптеген өсінділері болады. Подоцит денесінен
таралатын біріншілік өсінділерден (цитотрабекулалардан) көптеген ұсақ
екінпіілік өсінділер (цитопдййлер) таралады. Əр бір подоцит өсінділерінің
жалпы ұзындығы 1-2 мкм болады. Подоциттердің өсінділері бір-бірмен
ілгектене ілінісіп байланысып, араларында жасушааралық саңылаулары бар
күрделі сүзгі торлы құрылым түзеді. Тесікті капиллярлар эндотелийі мен
саңылаулы тесікті подоциттер аралығында, гликопротеид пен талшыктар
торынан құралған негіздік жарғақ ғана қалады. Міне, осы эндотелийден,
негіздік жарғактан жəне подоциттерден түзілген сүзгі тор арқылы қан
плазмасы сүзіліп, алғашқы несепке айналады да, бүйрек денешігі қуысына
өтеді. Қалыпты жағдайда бұл сүзгі арқылы белоктардың ірі молекулалары
өтпейді, тек альбуминдер өтеді. Бүйрек денешігі қапшығының сыртқы
қабаты
бірқабатты
жалпақ
эпителийден
тұрады.
Ол
нефронның
проксимальды бөлімі қабырғасына жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: