Морфология



Pdf көрінісі
бет760/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   756   757   758   759   760   761   762   763   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

талшықты қабықтары (фолликул текасы) түзіледі. Фолликул жасушалары 

араларында,  осы  жасушалар  түзген  сұйық  өнімдерге  толған  қуыстар  пайда 

болып,  кейіннен  олар  бір-бірімен  қосылып,  фолликул  қуысына  айналады. 

Фолликул  қуысында  фолликул  сүйығы  болады.  Фолликулдың  көлемі  тым 

үлкейіп,  көпіршік  тəрізді  құрылым  түзіледі.  Бұл  құрылымды  көпіршікті 

фолликул  —  дейді.  Жұмыртқа  жасушасы  (овоцит)  көпіршікті  фолликул 

ішіндегі, оның фолликул қабығымен жалғасып жатқан төбешікте орналасып, 

одан  əрі  жетіледі.  Төбешікті  сыртынан  пішіні  призма  тəрізді  фолликул 

жасушалары  бір  қатарда  орналасып,  жұмыртқа  жасушасын  қаптап  жатады. 

Фолликул  жасушалары  даму  сатысындағы  овоцитті  өздерінің  плазмолемма 

өсінділері  арқылы  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етеді.  Төбешікте  жатқан 

жұмыртқа  жасушасын  сыртындағы  бір  қатар  фолликул  жасушаларымен 

біріктіріп,  "сəулелі  тəж"  —  деп  атайды.  Ішіндегі  қуысы  сұйыққа  толған, 

құрылысы  күрделі,  көлемі  үлкен  фолликулды  жетілген  фолликул  (Грааф 

көпіршігі)  дейді.  Жетілген  фолликулдың  қабырғасы  төрт  қабаттан:  ішінен 

сыртына  қарай  фолликулалы  қабықтан,  шыныша  жарғақтан,  тамырлы  жəне 

талшықты  қабықтардан  тұрады.  Фолликул  жасушалары  фолликул  сұйығына 

эстроген гормонын бөледі. Бұл гормон қанға сорылып, ұрғашы жануарларды 

күйітке келтіреді. Осы мезгілде жетілген фолликул қабығы жұмыртқалықтың 

ақ  қабығына  жанасып,  ішіндегі  фолликул  сұйығынын  қысымы  күшейеді. 

Гипофиздің  лютеотроптық  гормонының  (ЛГ)  əсерінен  фолликул  жарылады 

да,  даму  сатысындагы  жұмыртка  жасушасы  фолликул  сүйығымен  бірге 

жұмыртқа  жолы  құйғышына  құйылады.  Бұл  процесті  овуляция  —  деп 

атайды.  Жарылған  фолликул  орнында  аденогипофиздің  лактотроптық 

гормоны əсерінен сары дене өсіп жетіледі. Жарылған фолликул куысы қанга 

толып,  кдн  тамырларымен  тамырланады  да,  фолликул  жасушаларының 

бөлініп көбеюіне, олардың сары пигменттерді 

жинап үлкеюіне қолайлы жағдай туады. Фолликул жасушаларынан сары 

дененің  лютеоциттері  жетіледі.  Ал  жетілген  фолликулдың  сыртқы  дəнекер 




353 

 

ұлпалық  қабығының  (фолликул  текасы)  жасушаларынан  текалютеоциттер 



дамиды.  Сары  дененің  аталған  жасушалары  уақытша  эндокриндік  қызмет 

жасап, 


прогестерон 

гормонын 

бөледі. 

Прогестеронның 

əсерінен 

жұмыртқалықтағы  овогенез  процесі  тоқтайды.  Жатыр  бездері  жұмысын 

күшейтіп,  ұрықтың  өсуіне  қажет  сөл  бөлінеді.  Нəтижесінде  жатырда 

ұрықтанған ұрықтың дамуына қолайлы орта түзіледі. Ұрғашы жануарлардың 

жыныс  жолдарында  ұрықтану  процесі  жүріп,  ұрық  байланып,  буаздық 

дамыган  жағдайда,  сары  дене  буаздықтың  соңына  дейін  прогестерон  бөліп, 

жатыр 

қабырғасының 



үнемі 

босаңсып 

түруын 

қамтамасыз 

етіп, 

жануарлардың  іш  тастауына  жол  бермейді.  Бұндай  сары  денені  буаздық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   756   757   758   759   760   761   762   763   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет