Ерекшеліктері. Биенің несеп-жыныс кіреберісінде кіреберістік
вентральды (кіші) бездермен (glandula vestibularis ventralis s. minores) қатар,
латеральды (үлкен) кіреберістік бездер (glandula vestibularis lateralis s.
majores) болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгірқуысты денеден тұратын
жүп үңгірқуысты кіреберістік бадана (bulbus cavernosus vestibuli)
орналасады.
Сиырда жəне ұсақ малдарда латеральды кіреберістік бездер жақсы
жетілген. Оның өзектерінің ірі тесіктері кілегейлі қабық қатпарларының
арасына ашылады.
Мегежіннің
несеп-жыныс
кіреберісінің
бүйір
қабырғасында
үңгірқуысты дене бөлігінің бар екендігі байқалады. Уретра тесігінен кейін,
кілегейлі қабық екі жұп қатпар түзеді. Вентральды кіреберістік бездердің
өзектері ұзынша қатпарлардың арасына ашылады.
Қаншық несеп-жыныс кіреберісі кілегейлі қабығының астында
үңгірқуысты денедей түзілген жұп бадана болады. Олар қанға толған кезде
тым үлкейіп, кіреберіс қуысын тарылтады.
Достарыңызбен бөлісу: |