Морфология


Сиыр  мен  ұсақ  малдарда



Pdf көрінісі
бет765/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   761   762   763   764   765   766   767   768   ...   1132
Сиыр  мен  ұсақ  малдарда  жатыр  мүйізі  шиыршықтала  иіліп,  пішіні 

қошқар  мүйізіне  ұқсас  келеді.  Жатыр  денесі  ұзын  болғанымен,  ішкі 

куысының бір бөлігі аралық перде арқылы екіге бөлінген. Жатыр мойнының 

қабырғасы қалың, ұзындығы 7-11 см -дей болып оқшауланып тұрады. Жатыр 

мүйізі  мен  денесінің  кілегейлі  қабығында,  əрбір  қатарында  10-14  -тен  төрт 

қатар  орналасқан  жатыр  сүйелшелері  (карункулалары)  —  (caruncula  uteri) 

болады. Карункулаларда іштөлі қабықтарының бүрлері жатыр қабырғасымен 



356 

 

байланысатын  жатыр  кірмелері  (cryptae  uterinae)  орналасады.  Ұсақ 



малдардың жатыр карункулаларының бетінде шұңқыр болады. 

Мегежін  жатырының  мүйіздері  өте  ұзын  (140-150  см),  пішіні  ішек 

ілмектеріне  ұқсас  болады.  Жатыр  денесі  қысқа  (5  см),  ал  мойны  одан  үш 

еседей ұзын келеді. Бұдырлы қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының 

кілегейлі қабығы ешқандай шекарасыз қынапқа ауысады. 



Қаншық  жатырының  мүйізі  жіңішке,  ұзын  жəне  екіге  айырылған. 

Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейлі қабығы 

ұзынынан жəне көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді. 

Қанап (влагалище) — vagina — жыныстық қатынасты жəне төлдің туу 

процесін  қамтамасыз  ететін,  жатыр  мен  несеп-жыныс  кіреберісі аралығында 

орналасқан  тақ  түтікше  мүше.  Ол  жамбас  куысында  жатырдан  кейін 

орналасып,  ешқандай  шекарасыз  несеп-жыныстық  кіреберіске  өтеді. 

Олардың шекарасын уретраның сыртыны тесігі белгілеп тұрады. 

Қынаптың  қабырғасы  кілегейлі,  етті  қабықтардан  жəне  сыртқы 

адвентициядан  тұрады.  Оның  қатпарлы  безсіз  кілегейлі  қабығы  көпқабатты 

жалпақ  эпителиймен  астарланған.  Ортаңғы  етті  қабық  ішкі  сақинаша  жəне 

сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін 

ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптап жатады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   761   762   763   764   765   766   767   768   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет