бездері, бүйрекүсті безінің қыртысты заты, ұйқы безі аралшықтары, тимус;
360
мидың төмпекасты аумағын, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы
мен түбін құрайды. Гипоталамусты басқа эндокринді бездер қызметтерін
реттеуге қажет нейрогормондар бөлетін көпөсінділі жүйке жасушалары —
мультиполярлы нейроциттер құрайды. Аталған нейроциттер гипоталамуста
сүр заттық орталықтарды (ядролар) жасайды. Гипоталамустың сүр заттық
орталықтары алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған
ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді жəне жүйке
жүйесі медиатор ларымен салыстырғанда, алыстан жəне ұзақ уақыт əсер
етуге бейімделген нейрогормондар бөледі.
Гипоталамустың алдыңғы бөлімі ірі нейросекреторлы мультиполярлы
нейроциттерден құралған жұп супраоптикалық жəне паравентрикулалық
ядролардан
тұрады.
Нейроциттер
эндоплазмалық
торында
белокты
(нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин жəне
окситоцин жатады.
Достарыңызбен бөлісу: