Морфология



Pdf көрінісі
бет784/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   780   781   782   783   784   785   786   787   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

фолликулалы 

эндокриноциттер 

немесе 


тироциттер 

құрайды. 

Аденомерлердің  қабыр  ғаларындагы  тироциттер  қалыпты  жағдайда 

бірқабатты текше (куб) тəрізді эндокриноциттерден тұрады. Олардың сыртқы 

беті негіздік жарғақпен жанасады.  Тироциттердің дөңгелек  келген ядролары 

жасушалар  ортасында  орналасады.  Фолликулдар  қуысын  қоймалжың  зат 

интрафолликулалық  коллоид  толтырып  тұрады.  Тироциттер  кұрамында  йод 

элементі  болатын  тироксин  жəне үшйодтиронин  гормондарын бөледі.  Бұлар 

организмдегі  зат  алмасудың  барлық  туріне  ықпалын  тигізетін  тотығу 

процесін  реттейді.  Аталған  гормондардың  қалыптан  тыс  көп  бөлінуі  базед 

ауруының,  ал,  керісінше,  аз  мөлшерде  бөлінуі  миксидема  жəне  кретинизм 

ауруларының  əрбуіне  əкеліп  соқтырады.  Өз  кезегінде  тироциттердің  гормон 

түзу қызметіне аденогипофиздің тиротроптық гормоны эсер етеді. Қалқанша 

бездің қызметі төмендегенде фоликулдардың диаметрі өсіп, көлемі ұлгайып, 

тироциттердің  пішіні  жалпақтанады.  Ал  қызметі  қалыпты  жағдайдан 

күшейсе,  онда,  керісінше,  аденомерлердің  көлемі  кішірейіп,  тироциттер 

призма тəрізді эндокриноциттерге айналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   780   781   782   783   784   785   786   787   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет