Морфология



Pdf көрінісі
бет782/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   778   779   780   781   782   783   784   785   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

гипофиздік жуйені құрайды. 

Гипофиздің  орташа  салмағы  жылқыда  2,5  г;  сиырда  3,8  г;  қойда  0,5  г; 

ешкіде 0,5-1,0 г; шошқада 0,3-0,5 г; итте 0,1-0,3 г. 

 

ЭПИФИЗ 



 

Эпифиз  (epiphysis)  үлкен  ми  сыңарлары  мен  мишықтың  аралығында, 

аралық ми төбесінің арткы жағында орналасып, аралык 



 

мидың эпиталамус  құрамына кіретін, пішіні шырша бүр тəрізді тақ без. 

Ол  он  жəне  сол  көру  төмпектері  мен  төрттөмпек  аралығындағы  сайға 

жүгеншік  аркылы  жалғасып,  көру  төмпектерімен  оң    жəне  сол  аяқшалары 

аркылы 

байланысады. 

Эпифиз 

үшінші 


ми 

қарыншасынын 

артқы 

қабырғасынан  дамып  жетіледі.  Оның  паренхимасы  эмбриондық  кезенде 



эктодермалық жүйкелік глиядан, стромасы мезенхимадан дамиды. Құрылысы 

жағынан эпифиз паренхималы мүше. 

Эпифиз сыртынан жұмсақ ми кабығымен жəне оның астындағы дəнекер 

ұлпалық  қапшықпен  қапталған.  Қапшықтан  дəнекер  ұлпалық  перделіктер 

бездің  ішше  қарай  тарала  еніп,  оның  паренясын  бөлікшелерге  бөледі. 

Борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  құанкапшықпен  перделіктер  эпифиз 

стромасын  түзеді.  Строма 

 

арқылы  қан  жəне  лимфа  тамырлары  өтеді. 



Бөлікшелер  паренхимасы  инкреттер  бөлетін  жасушалар  пинеалоциттер 

жəне 


глиоциттер 

құрайды. 

Олардын 

аралықтарында 

жекеленген 

лимфоцттер, шырлы жасушалар жəне пигментоциттер кездеседі. 

  Пинеалоциттер  эпифиз  бөлікшелерінің  орта  бөлігінде  орна-ұзын 

өсінділі,  қатпарлы  ядролы  жасушалар.  Органеллалары  жақсы  жетілген. 

Олардың  өсінділері  бөлікшелер  шетіндегі  дəнекер  ұлпалық  перделіктерге 

карай  созылып,    қан  капиллярлары  қабырғаларына  жанасып  жатады. 

Пинеалоциттердің  екі  түрі  ажыратылады.  Ақшыл  негізгі  пинеалоциттердің 

цитоплазмасы  біркелкі  боялған.  Ал  кішілеу  күңгірт  түсті  пинеалоциттердің 

цитоплазмасында  қызыл  жəне  көкшіл  түске  боялған  дəншелер  болады. 

Пинеалоциттер қан тамырларының қабырғасын тарылтып, қанның қысымын 




364 

 

арттыратын  жəне  ішек  қабырғасының  перистальтикалық  қозғалысын 



күшейтетін  серотонин  гормонын  бөледі.  Одан  мелатонин  (қараңғыда  көп 

мөлшерде)  түзіледі.  Мелатонин  аденогипофиздің  меланотроптық  жəне 

гонодотроптық  гормондарына  қарсы  əсер  ететін  антогонист  гормон.  Ол 

жыныс  бездерінің  қызметін  тежейді.  Бұлардан  басқа  эпифиз  қанның 

қысымын,  су-тұздың  алмасуын,  тамырлар  қабырғаларының  өткізгіштігін, 

дене  қызуын  реттейтін  жəне  қандағы  калийдің  деңгейін  көтеретін  көптеген 

гормондар бөледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   778   779   780   781   782   783   784   785   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет