Калыцитониноциттер (К - жасушалар) фолликулдар қабырғасында
тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады.
Олар тироциттерге қарағанда ақшыл боялады. Азотты қышқыл күміспен
өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — жасушалар құрамында йод
болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне əсер етіп, оның қандағы
деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны
соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К жасушаларға гипофиз
гормоны əсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |