367
БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ
Бүйрекүсті безі (glandula suprarenales) шығу тегі мен құрылысы жəне
қызметі əр түрлі қыртысты жəне бозғылт заттардан құралған, пішіні бүйрекке
ұқсаған, сопақша келген қоңыр-қызғылт түсті жұп без. Бүйрекүсті безі
бүйректің медиальды бетінде орналасады. Без паренхимасы бір-бірінен анық
ажырап көрінетін сыртқы қыртысты жəне ішкі бозғылт заттардан құралған.
Эмбриондық кезенде бүйрекүсті безінің қыртысты заты шажырқай түбірінің
екі қапталындағы куыстық (целомалык) мезодермадан, ал бозғылт заты
симпатикалық ганглийлермен бірге жүйке тарақшаларынан дамып жетіледі.
Бүйрекүсті безі сыртынан тығыз дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Оның ішкі беті борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Қапшықтан без
паренхимасының ішіне қарай қан жəне лимфа тамырларымен бірге тым жұқа
дəнекер ұлпалық аралықтар өтеді. Қапшық астында майда эпителиоциттер
қабаты болады. Бұлар қыртысты заттың эндокриноциттері жетілетін
камбиальды жасушалар. Бүйрекүсті без қапшығының астында, бездің сыртқы
жағында ідыртысты зат, ал орталығында бозғылт зат орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: