368
кортикостероидты гормондарды түзуге қажет ферменттер синтезделеді.
Жасуша цитоплазмасында стероидты гормондар жиналған соң, күңгірт
жасушалар ақшыл эндокриноцитгерге айналады. Эндокриноциттердің қан
капиллярлары қабырғасымен жанасатын бетінде микробүрлер болады.
Шоғырлы аймақта көмірсу, май, белок алмасуларын (метаболизмін)
реттейтін
глюкокортикоидты
гормондар
(кортикостерон,
кортизон,
гидрокортизон кортизол) тузіледі. Аталған гормондар белоктан глюкозаның
түзілуін күшейтіп, оның бауырда, жүрек миокардында қор ретінде жиналуын
қамтамасыз етумен қатар, қабыну процесі мен аллергиялық реакцияларды
тежейді.
Торлы аймақта эндокриноциттер бағандары бір-бірмен қосылып
ажырап, жасушалар бағандары торын жасайды. Бағандарды пішіні дөңгелек
немесе текше тəрізді не бұрышты эндокриноциттер құрайды. Ақшыл
жасушалардың саны азайып, кұңгірт жасушалар көбейеді. Эндокриноциттер
андрогенстероидты гормон бөледі. Бұл гормонный, табиғаты еннің
тестостерон гормонына жақын.
Бозғылт зат қыртысты заттан жұқа дəнекер ұлпалық аралық арқылы
бөлінген. Бозғылт затты топтасып орналасқан дөңгелек пішінді ірі
эндокриноциттер
(хромаффинді
жасушалар)
құрайды.
Олардың
аралықтарымен
қойнауша
(синусоидты)
қан
капиллярлары
өтеді.
Хромаффинді жасушалар боялу сипатына байланысты ақшыл боялған
эпинефроциттер жəне күңгірт түске боялган норэпинефроциттер болып
бөлінеді. Эпинефроциттер адреналин, норэпинефроциттер норадреналин
гормондарын
бөледі.
Адреналин
жүректің
соғуың
жиілетеді,
қан
тамырларының қабырғалары етті қабықтарыңьщ жиырылуын күшейтіп,
қанның қысымын арттырады, ішектер қабырғаларының перистальтикалық
жиырылуын
баяулатады,
бауыр
мен
бұлшық
еттерде
қорланған
гликогендерді глюкозаға ыдыратады Норадреналин қан тамырларының
арналарын тарылтып, қанның қысымын арттырумен қатар, гипоталамустың
нейросекреторлы қыз-метіне эсер етеді. Бүйрекүсті безінің қыртысты заты
мезодермадан ал бозғылт заты эктодермадан дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: