айшықты қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена
қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағана
арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия
арнасынан оң қарынша куысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден
артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonales) арқылы жүректің сол
жүрекшесіне құйылады. Одан артерия канды сол атрио-вентрикулалы
(крсжақгаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан əрі қолқа (аорта) - aorta
тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де, артерия қанын тек бір
бағытта, яғни сол қарынша куысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш
айшықгы қақпақшамен жабдықталған. Оң жəне сол атриоентрикулалы жəне
өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты
(фиброзды) сақиналар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |