382
КАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРЛЕРІ
Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші жəне үлкен
қан айналым шеңберлері ажыратылады.
Кіші немесе
өкпе қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан
(вена қаны) өкпе бағаны артериясымен өкпеге барып, одан өкпе веналары
арқылы (артерия қаны) жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін
жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны
көмірқышқыл газын ауаға бөліп, ауа кұрамындағы оттегімен қанығып.
артерия канына айналады.
Үлкен немесе
жүйелік қан айналым шеңбері жүректің сол
қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы
организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына
таралып, одан əрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне
дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен кан айналым шеңбері организмнің
барлық мүшелер жүйелеріндегі зат жəне газ алмасу процестерін қамтамасыз
етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының
қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында жүреді.
Жануарлар іштөлінің дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірін-
бірі ауыстырып жетілетін қан айналым шеңберлері болады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: