6. Ішкі көкірек артериясы (внутренняя грудная артерия) - а. thoracica
interna — бүғанаасты артериясынан беткей мойын артериясы бөлінетін
тұстан, оған қарсы жақтан басталып, төссүйектің дорсальды бетімен дененің
каудальды жағына бағытталады. Ішкі көкірек артериясы өз кезегінде бірнеше
тармақтарға тарамдалады;
1) перикардиальды-диафрагма артериясы (a. pericardiaco-phrenica)
улпершек пен көкетті қоректендіреді;
2) айырша бездің (тимустың) тармақгары (rr. thymici);
3) көкірек ортасының тармақтары (rr. mediastinalis);
4) тескіш тармақтар (rr. perphorantes). Тескіш тармақтардан өз
кезегінде төссүйек тармақтары (rr. sternalis) жəне вентральды
кабырға аралық тармақтар (rr. intercostales ventralis) бөлінеді.
Қабырғааралык тармақтар қабырғалар аралықтарымен жоғары көтеріліп,
жоғарыдан төмен бағытталған қабырғааралық артериялармен жалғасады да,
бір-бірімен тұйықталып, аталған аумақтарды қанмен қамтамасыз етеді.
Төссүйектің семсерше өсіндісі аумағында ішкі көкірек артериясы екі
соңғы артерия тармақтарына ажырайды. Алдымен бірінші болып бұлшықет-
Достарыңызбен бөлісу: |