Шошқа мен итте терең каудальды самай артериясы ми кабығының
орталық артериясынан кейін бөлінеді. Бұларда да, терең каудальды самай
артериясынан үлкен шайнау бұлшық етіне ірі артерия тармағы бөлінеді.
3. Қанатша бұлшық ет тармақтары (крыловидные ветви) — гг.
pterygoidei — қанатша шайнау бұлшық етін тамырландыратын ірі артерия
тармақтары.
4. Төменгі альвеола артериясы (нижняя альвеолярная артерия) — a.
alveolaris inferior — төменгі жақ өзегіне кірер алдында төменгі жақтың
көлденең бұлшық етін қоректендіретін артерия тармағын бөліп, төменгі жақ
өзегі ішінде тістерді қоректендіретін тіс тармақтарын (гг. dentalis) ажыратады
да, иек тесігі арқылы шығып, тұмсықтың иек аумағын тамырландыратын иек
артериясына (a. mentalis) айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |