артериясы (a. subtrochlearis);
3) көздікүсті тесігі (foramen supraorbital) арқылы көздіктен бастың
сыртқы маңдай аумағына шығып, оның терісін тамырландыратын көздікүсті
артериясы (a. supraorbitalis);
4) көздің бұлшықеттеріне, көздің кілегейлі қабығына, жоғарғы, төменгі
қабықтарға арналған артерия тармақтары.
Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда
көздікүсті артериясы көздіктің ғажап тамырлы торын (rete mirabile
ophtalmicum) жасайды.
7. Беткей ұрт артериясы (поверхностная щечная артерия) — а. malaris
— маңдай аумағына, мұрынға, төменгі қабыққа жəне үшінші қабыққа
арналған тармақтар бөледі.
8. Көздікасты артериясы (подглазничная артерия) — а. infraorbitalis —
көздікасты өзегі арқылы төмен бағытталып, тістерді қоректендіретін артерия
тармақтарын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |