1) көкірек-арқа артериясы (a. thoraco-dorsalis) арқаның тым жалпақ
бұлшық еті мен үлкен жұмыр бұлшық етін тамырландырады. Бүл артерия
соңғы тармақтарымен 5 -інші қабырғааралық артериямен жалғасады;
2) каудальды айналмалы иық артериясы (a. circumflexa humeri
caudalis) иық буынынан артқа қарай, алдымен жауырынасты жəне үлкен
жұмыр бұлшық еттерінің аралыктарымен өтіп, онан соң, үшбасты бұлшық
еттің ұзын жəне латеральды бастарының арасымен, латеральды басының ішкі
бетімен иық буынының сырткы латеральды жағына шығады да, медиальды
айналмалы иық артериясымен жалғасады. Каудальды айналмалы иық
артериясы жол бойы иық буынының аталған бұлшық еттеріне қоректендіргіш
артерия тармақгарын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |