1) терең иық артериясы (a. profunda brachii) иық артериясынан тоқпан
жіліктің орта шенінде каудальды бағытта ажырап, шынтақ буынының
жазғыш бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді.
Ерекшеліктері. Жылқыда терең иық артериясы өте жақсы жетілген.
Ол жылқыда жетілмеген каудальды айналмалы иық артериясының
төмендеген тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық
артериясы салыстырмалы нашар жетілген.
2) коллатеральды шынтақ артериясы (a. collateralis ulnaris) иық
артериясынан тоқпан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта
ажырайды.
Ерекшеліктері. Жылқы мен шошқада коллатеральды шынтақ
артериясы шынтақ артериясына (a. ulnaris) айналады. Күйіс қайтаратын
жануарлар мен итте бұл артерия нашар жетілген.
3) екібасты бұлшық ет артериясы (a. bicipitalis) иық артериясынан
тоқпан жіліктің орта тұсынан ажырап, екібасты бұлшьгқетті қанмен
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |