ə) баданалық артерия (a. bulbi urethae) еркек жануарларда дорсальды
жыныстық мүше артериясына (a. dorsalis penis) айналады. Ұрғашы
жануарларда баданалық артерия клитор артериясы (a. clitoridis) деп аталады
да, сарпайды (клиторды) тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жоғарыда баяндалғандай, жылқы мен итте ішкі жыныс
артериясы
жамбас
қуысында
орналасқан
барлық
ішкі
мүшелерді
қоректендіретін артериялардың ортақ бағаны. Жылқыда жамбас қуысында
ішкі жыныс артериясынан кіндік жəне ортаңғы тік ішек артериясы бөлінеді.
Шошқа мен күйіс қайтаратын жануарларда ол ішкі мықын артериясынан
жапқыш артериясы бөлінгеннен кейін ажырайды.
2. Кіндік артериясы (пупочная артерия)— a. umbilicalis —іштөлі
организміндегі ең күшті жетілген артерия. Кіндік артериясы арқылы қан
іштөлі организмінен ұрықжолдасқа (плацентаға) жеткізіледі. Төл туғаннан
кейін, кіндік артериясы негізгі қызметінен айырылып, қуықтың бүйірлік
байламына, ал ұрғашы жануарларда қосымша жатырдың жұмыр байламына
да айналады. Артерия қаны бұл артерияның тек бастапқы бөлігімен ғана
414
ағады. Кіндік артериясы ішкі мықын артериясының бірінші тармағы. Кіндік
артериясынан:
Достарыңызбен бөлісу: |