Морфология


ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет928/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   924   925   926   927   928   929   930   931   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ 

 

Онтогенездің  бастапқы  кезеңдерінде  барлықомыртқалы  жануарлар 

сияқты,  сүтқоректі  жануарлар  ұрықтарының  қаны,  ұрық  денесінің  бас 

аумағынан күретамырлар, ал тұлғасынан кардинальды веналар арқылы ағып 

шығады.  Аталған  қан  тамырлары  өзара  қосылып,  вена  қойнауына  қанды 

əкеліп  құятын  жалпы  кардинальды  веналарды  түзеді.  Бұдан  сəл  кейінірек, 

ұрық  денесінде  калыптасқан  аралық  бүйректен  қанды  бауыр  веналарына 

жеткізетін  қарапайым  қуыс  вена  (v.  cava  primitive)  пайда  болады. 

Кардинальды  веналар  мен  аталған  осы  куыс  вена  аралықтарыңда  қан 

тамырларының  жалғамалары  (анастомоздар)  жетіледі.  Осының  нəтижесінде 

кардинальды  веналар, өз  кезегінде  көкірек  жəне құрсақ бөлімдерге  бөлінеді. 

Оның құрсақ бөлімінен қан карапайым қуыс венаға құйылады. Ұрық (іштөлі) 

денесінің  артқы  бөлігінен  қанды  алып  келетін  жалпы  мықын  веналарының 

арасында,  олардың  оң  жəне  сол  кардинальды  веналарға  құйылар  тұсында 

анастомоз пайда болады. Осының нəтижесіңде қан тек оң кардинальды вена 

арқылы ғана ағатын болады. Ал сол кардинальды вена біртіндеп редукцияға 

шалдығады  да,  ыдырап  жоғалып  кетеді.  Оң  кардинальды  вена  артқы  куыс 

венаның  бел  аумағындағы  бөлігіне  айналады.  Сөйтіп,  тұрақгы  артқы  куыс 

вена  оң  кардинальды  венадан,  қарапайым  куыс  венадан  жəне  бауыр 

веналарынан құралады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   924   925   926   927   928   929   930   931   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет