Оң жəне сол тақ веналар (v. azygos dextra et sinistra) кардинальды
веналардың көкірек бөліктерінен дамып жетіледі. Олар қанды көкірек
керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылкы мен
итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақ вена ғана,
кеміргіш жануарларда екеуі де дамып жетіледі.
Бұғанаасты веналар (w. subclavia) ұрықтық дамудың бастапқы кезінде
вена қанын кардинальды веналарға əкеледі. Қуыс веналар жетілгеннен кейін,
бұғанаасты веналар əуелі жалпы кардинальды веналарға, одан соң орнын
өзгертіп, күретамырға барып ашылады. Осындай құрылымдық өзгерістердің
нəтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын жатқан соңғы бөліктері
алдыңғы қуыс веналар — деп аталынады.
Іштөлі дамуының кейінгі кезеңдерінде алдыңғы қуыс веналардың
арасында жалғама (анастомоз) пайда болып, бас аумагынан жиналатын вена
каны негізінен оң куыс вена (v. cava cranialis) арқылы ағады. Осының
нəтижесінде сол куыс вена құрылымдық редукцияға ұшырап, ақырында
ыдырап жоғалып кетеді.
Жануарлар денесіндегі вена қан тамырлары бір-бірімен тығыз қызметтік
байланыста болатын төрт вена тамырларының жүйелерін құрайды. Олар:
1) жүрек веналарының жүйесі;
2) кіші қан айналым шеңбері веналарының жүйесі;
422
3) алдыңғы қуыс венасы тамырларының жүйесі;
4) артқы қуыс венасы тамырларының жуйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |