а) көз бұрышының венасы (v. angularis oculi) вена қанын маңдай,
төменгі жəне жоғарғы көз қабақтары, көз шарасы аумақтарынан жинайды;
ə) бүйірлік мұрын венасы (v. lateralis nasi) вена қанын мұрынның
арқалығы мен бүйір қабырғаларынан жинайды;
б) езу венасы (v. angularis oris) вена қанын жоғарғы жəне төменгі ерін,
ұрт, көзасты аумақтарынан жинайды.
в) терең бет венасы (v. faciei profundae) вена қанын жоғарғы тістерден,
қатты жəне жұмсақ тандайдан, мұрын куысынан жинайды. Бастың бет
бөлімінің орта тұсында, терең бет венасы бет венасына қосылады.
2.Тіл венасы (язычная вена) — v. linqualis — терең тіл жəне тіласты
веналарының бірігуінен түзеледі. Олар вена қанын тілден, ауыз қуысының
түбінде орналасқан мүшелерден жəне жұтқыншақтан алып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |