Морфология



Pdf көрінісі
бет938/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   934   935   936   937   938   939   940   941   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері. Жылқыда терең вена магистралі бақай мен жіліншіктің 

пальмарлы  бетінде  жатқан  латеральды  веналарынан  басталады.  Сыртқы 

көкірек венасы (v. thoracica externa) қолтық венасына құяды. 

Күйіс 

қайтаратын 

жануарлар 

мен 



шошқада 

терең 


вена 

тамырларының магистралі жалпы пальмарлы бақай мен медиальды жіліншік 

веналарынан басталады. 

Итте терең вена магистралі дорсальды жəне пальмарлы терең жіліншік 

веналарынан бастау алады. 

Ал  теріасты  вена тамырларының  магистралі  терінің  астында беткей 

жатады. Теріасты вена тамырлары бақай мен жіліншіктің беткей орналасқан 

пальмарлы  веналарынан  басталып,  білек  аумағында  білектің  теріасты 

венасы  (v.  cephalica  antebrachii),  ал  иық  аумағында  иықтың  теріасты 

венасы  (v.  cephalica  humeri)  —  деп  аталады.  Білектің  теріасты  венасы 

білектің  медиальды  бетінде  орналасады.  Шынтақ  буыны  аумағында  ол  иық 

венасымен  вена  тармағы  арқылы  жалғасып,  қосымша  теріасты  венасын  (v. 

cephalica  accessoria)  өзіне  кабылдайды.  Қосымша  теріасты  венасы  білектің 




425 

 

дорсальды бетінде жатып, жіліншік пен бақайдың дорсальды веналарындағы 



вена қанын жинайды. 

Иықтың  теріасты  венасы  иық-бас  жəне  беткей  кеуде  бұлшық  етінің 

аралығындағы сайда жатады. Ол сыртқы күретамыр венасына (v. jugularis 

externa)HeMece тікелей алдыңғы қуыс венаға (v. cava cranialis) құяды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   934   935   936   937   938   939   940   941   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет