ə)латеральды мықын лимфа түйіндері (In. iliaci laterales) айналмалы
терең мықын артериясының каудальды жəне краниальды тармақтарға
ажыраған жерінде, сербекке жақын орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердің саны — 4-2, мөлшері 1,5 -
2,5 см. Сиырда лимфа түйіндерінің саны — 1-2, ұзындығы 1,5-2,5 см, ал
ұсақ малдарда үзындығы 1,0-1,5 см. Шошқада лимфа түйіндерінің саны —
12, мөлшері 0,5-4,0 см. Итте бұл түйіндер болмайды.
б)сыртқы мықын лимфа түйіндері (In. iliaci externi) құрсақ
қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан
артериясы ажырайтын тұста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас
аумағынан, артқы аяқтан, бел жəне қүрсақ бұлшық еттерінен жинап, бел
цистернасы мен медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндер болмайды. Сиырда бір түйін
болады, оның пішіні жалпақ дөңгелекше келген, диаметрі 5-8 см, ал ұсақ
Достарыңызбен бөлісу: |