ə)аш ішек лимфа түйіндері (In. jejunales) аш ішек шажырқайында
орналасады.
Ерекшеліктері. Жылкыда түйіндердің саны — 35-90, олардын
мөлшері 0,3-6,0 см болып, шажырқай түбіріне жақын жатады. Күйіс
қайтаратын жануарларда аталған туйіндер шажырқайдың аш ішекке
бекитін тусында, ішекті жағалай орналасады. Олардың саны — 30-50.
Шошқада лимфа түйіңдері краниальды шажырқай артериясы бағанының
бойында жатады, ал итте 2 үлкен түйін болады.
б)бүйен лимфа түйіндері (In. cecales) ipi жануарларда жақсы жетілген.
Жылқыда латеральды, медиальды жəне дорсальды болып топтасып жатады.
Латеральды жəне медиальды туйіндердің саны 1000 -нан 1400 -ге дейін
жетеді. Олар бүйен таспасын бойлай орналасады. Дорсальды түйіндердің
саны — 4-18. Күйіс қайтаратын жануарларда бұл түйіндер бүйен мен
мыкын ішек аралығында, шошқада аш ішек шажырқайында жатады. Итте
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |