445
Ерекшеліктері. Жылкыда бұл түйіңдердің саны — 14-20, мөлшері 0,2-
2,5 см. Итте бұлар он екі елі ішек маныңда орналасады. Бірақ, сирек
кездеседі. Қалған жануарларда болмайды.
г)қарын лимфа түйіндері (In. gastrici) өнештің қарынға ашылатын
жерінен (кардиальды бөлігінен) карынның кіші иінін бойлай орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда 15-35 түйін болады.
Күйіс қайтаратын
жануарларда карын лимфа түйіндері оң жəне сол мес қарын, дорсальды
жəне вентральды ұлтабар, сондай-ақ, қарынның барлык бөлімдерінде
кездеседі. Шошқада бұл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте
олар кейде болады, көбіне болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: