Олигодендроглия жасушалары жұлын мен миды құрайтын
нейроциттер денелері мен олардан таралатын өсінділерді тікелей қаптап,
нейроциттер қабықтарын (неврилемма) жасауға қатысады. Нейроциттер
өсінділерін сыртынан қаптап, жүйке талшықтарын түзетін "шванн"
жасушалары
да,
олигодендроглиоциттерге
жатады.
Неврилеммамен
қапталған миелинсіз жүйке талшықтары, қозудың нəтижесінде пайда болған
тітіркеністі 0,6-0,8 м/сек. жылдамдықпен өткізеді. Іштөлдің кейінгі даму
кезендерінде миелинсіз жүйке талшықтарынан миелинді жүйке талшықтары
жетіледі. Миелинді жүйке талшықтарының ақ түсті қабығы сыртқы
неврилемманың туындысы. Жүйке талшықтарындағы аталған миелин
қабығының қосымша қалыптасуы тітіркеністердің жүйке талшықтары
бойымен
өту
жылдамдығын
күрт
күшейтеді
(100-120
м/сек).
Олигодендроглия
жасушалары
қорғаныс
қызметін
атқарады
жəне
тітіркеністердің жүйке талшықтары бойымен жан-жаққа таралмай өтуін
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |