соңғы пластинкамен (lamina terminalis) бітеліп
тұйықталады.
Жүйке түтіннің жоғарғы екі жиегіндегі білеуліктер — мезодерма
сомитінің сегменттеріне сəйкес бөліктерге бөлініп, олардан болашақ
омыртқалар
санына
байланысты
жұп
жұлындық
жүйке
түйіндері
(ганглийлер) түзіледі.
Ұрықтық даму кезеңінде жүйке түтігі ұрық қаңқасы қызметін атқаратын
хорданың жоғарғы жағында қалыптасып, орналасу орнына қарай:
хордаүстілік (эпихордальды) жəне хордаалдылық (прехордальды)
бөліктерге бөлінеді.
Эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігінің қабырғасы алғашқы кезде
бір қабат эктодермоцит жасушаларынан тұрады. Кейінірек, болашақ
қызметтеріне байланысты эктодермоциттерден: нейробласт жəне глиобласт
жасушалары жетіледі. Нейробласттардан жүйке жүйесі мүшелерінің
құрылымдық жəне функциональды бірлігі нейроциттер (нейрондар), ал
глиобласттардан жүйкелік глияның (нейроглия) макроглиялары дамиды.
Макроглиядан өз кезегінде жүйкелік глияның үш түрі қалыптасады. Олар:
эпендимоциттер, астроциттер жəне олигодендроглиоциттер.
Достарыңызбен бөлісу: |