алмұртша бөлік, 11 — гаппокамп аяқшасы, 12 — таламус (көру гомпегі), 13 - - латеральды
тобықты дене, 14 — кақпақ пластинкасы, 15 күсті дсне, 16 бслдеу катпары, 17 •
477
Ми жабыны (pallium) үлкен ми сыңарын жоғарғы жəне сыртқы
жағынан қаптап жатады. Ол сыртқы сұр заттан, ішкі ақ заттан тұрады. Ми
жабынынның сыртқы сұрзаттық қабығын үлкен ми қыртысы (cortex cerebri)
— деп атайды. Оның сыртқа бетінде сайлар арқылы бір-бірінен бөлінген,
пішіні əр түрлі жануарларда түрліше келген қатпарлар болады. Ми
жабынының сыртқы бүйір бетінде тігінен өтетін латеральды сай (sulcus
lateralis) немесе сильвий сайы жақсы көрінеді. Латеральды сайды сырткы
жағынан пішіні доға тəрізді үш катарда жаткан сайлар қоршап, үлкен ми
қыртысын: шүйде бөлікке (lobus occipitalis pallii), төбе бөлікке (lobus
parietalis pallii), маңдай бөлікке (lobus frontalis pallii) жəне самай бөлікке
(lobus temporalis pallii) бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: