Морфология



Pdf көрінісі
бет1091/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1087   1088   1089   1090   1091   1092   1093   1094   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

кірпікті тəж, ал кірпікті дененің артқы бөлігіндегі жұқалау ұсақ қатпарларды 

кірпікті сақина — деп атайды. Кірпікті дененің ішкі бетін, торлы қабықтың 

эпителий  жасушаларынан  құралған  кірпікті  бөлігі  астарлайды.  Бұл  бөліктің 

эпителиоциттері  көздің  алдыңғы  жəне  артқы  камераларының  сұйығын 

бөледі.  Кірпікті  дененің  сақинаша  орналасқан  миоциттер  шоғырлары 

жиырылған  кезде,  көз  бұршағын  іліп  ұстап  тұрған  дөңгелекше  байлам 

босаңсып,  көз  бұршағы  қалындап  дөңестенеді  де,  көз  затты  жақын  жерден 

көруге бейімделеді. Ал затты алыстан көру үшін, керісінше, кірпікті дененің 

сақинаша  миоциттер  шоғырлары      босаңсып,  кірпікті  тəж  байламы  көз 

бұршағын  кірпікті  денеге  қарай  тартып,  көз  бұршағы  сопақтанып 

жалпақтанады. 



Нұрлы  қабық  —  ортасында  пішіні  өзгермелі  тесігі  (қарашық)  бар, 

дөңгелек  дискі  тəрізді  тамырлы  қабықтың  алдыңғы  бөлігі.  Ол  қасаң  қабық 

пен  көз  бұршағы  аралығындағы  көз  сұйығына  толған  кеңістікті,  көздің 

алдыңғы  жəне  артқы  камераларына  бөледі.  Аталған  камералар  бір-бірімен 

өзара  нұрлы  қабықтың  ортасындағы  тесігі  —  қарашық  арқылы  қатысады. 

Нұрлы  қабық  пен  кірпікті  дененің  жалғасқан  шекарасын  кірпікті  жиек  — 

деп атайды. Нұрлы қабықты алдыңғы жағынан артқы бетіне қарай бес қабат 

құрайды. Олар: 

а)алдыңғы эпителий (бірқабатты жалпақ эпителий); 

ə)сыртқы  шекаралық  қабат  (борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  тұрады, 

меланоциттер болады); 

б)тамырлы қабат (борпылдақ дəнекер ұлпасыңдағы қан тамырлары жəне 

меланоциттер болады); 

в)ішкі шекаралық қабат (құрылысы сыртқы шекаралық қабатқа ұқсас); 

г)артқы пигментті эпителий. 

Нұрлы  қабықтың  дəнекер  ұлпалық  қабатында  қарашықтың  тарылтқыш 

(сақинаша  орналасқан)  жəне  кеңейткіш  (радиальды,  яғни  сəулелі,  бағытта 

орналасқан) бірыңғай салалы ет ұлпасымың миоциттері болады. 



Көз  бұршағы  —  екі  беті  дөңес  келген  мөлдір  дене.  Көру  процесіне 

бейімлелу  кезінле,  оның  пішіні  өзгеріп  отырады.  Көз  бұршағын 

цитоплазмасында  мөлдір  кристалин  белогі  болатын,  пішіні  ұзынша  келген 

эпителиоциттер  құрайды.  Эпителиоциттер  бір-бірімен  ерекше  мөлдір  затпен 

желімделген.  Көз  бұршағының  ортасындағы  эпителиоциттерде  ядро 

болмайды.  Олар  бір-бірімен  бірігіп,  көз  буршағының  орталық  ядросын 

кұрайды.  Көз  бұршағы  сыртынан  бірқабатты  жалпақ  мөлдір  эпителиймен 

қапталған.  Ол  кірпікті  тəж  аркылы  кірпікті  денемен  байланысқан.  Көз 

бұршағының сындырғыш керсеткіші — 1,42. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1087   1088   1089   1090   1091   1092   1093   1094   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет