Морфология


біліктік  мүшелер:  жүйке  түтігі,  хорда



Pdf көрінісі
бет118/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

біліктік  мүшелер:  жүйке  түтігі,  хорда  жəне  ішек  түтігі  дамиды.  Жүйке 

түтігі біріншілік эктодермадан, ішек түтігі біріншілік энтодермадан жетіледі. 

Ұрық  жапырақшаларының  жетілуі  мен  бір-бірінен  ажырап  бөлінеұлпа 

гаструляцияның  екінші  кезеңінде,  негізінен  мезодерма  мен  эктодермадан 

пайда  болып,  ұрық  жапырақшалары  арасыңдағы  гастроцельге  қоныс 

аударған  көшпелі  өсінділі  жасушалардан  эмбриондық  дəнекер  ұлпасы  — 



мезенхима дамып жетіледі. 

Сонымен,  барлық  жануарларда  эмбриогенездін  гаструляция  сатысы 

ұрық  жапырақшалары  мен  біліктік  мүшелердің  түзілуімен  аякталады,  яғни 

гаструляция  процесі  хордалы  жануарлар  ұрықтарыңда  ұқсас  жүреді. 

Ұрықтардың  онто  жəне  филогенездік  ұқсастығы  жануарлардың  шығу 

тектерінің бір екенін, яғни олардың туыстас екенін көрсетеді. Бұған тағы бір 

дəлел  —  барлық  хордалы  жануарлар  ұрыктары  гаструляция  процестерінің 

бластулалар  бластопорларының  дорсальды  ернеулерімен  байланысты 

басталуында.  Олар:  қандауыршадағы  қынаптану,  қосмекенділердегі  орақша 

сай,  балықтар  мен  кейбір  бауырымен  жорғалаушылардағы  жиектік  ойық, 

бауырымен  жорғалаушылардағы,  құстар  мен  сүтқоректілердегі  біріншілік 

жолақ  пен  біріншілік  туйін.  Осы  аталған  аймақтардың  бластомерлері  тым 

белсеңді қызмет атқарып, ұрықтардағы басқа да эмбриондық бастамалардың 

жедел дамуына əсерін тигізеді. Мысалы, бластопордың дорсальды ернеуінен 

шыққан  көшпелі  бластомерлерден  болашақта  хорда  түзіліп,  оның  өзі  көрші 

эмбриондық  бастамалардың  дамуына  септігін  тигізсе,  дорсальді  ернеу 

бластомерлерінің  əсерінен  біріншілік  эктодермадан  жуйке  тутігі  жетіледі. 

Сол  сияқты,  барлық  хордалылардағы  хордаемзодермалық  өскіннің  дамып 

жетілу процестері де ұқсас жүреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет