Морфология



Pdf көрінісі
бет115/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Гаструляция — бластула жасушаларының одан əрі көбеюімен, өсуімен, 

жетіліл  бағытты  орын  ауыстыруымен  жəне  сапалы  айырмашылықтар  мен 

өзгерістердің 

жүруімен 

сипатталатын 

күрделі 


биохимиялық 

жəне 


морфогенетикалық  процесс.  Эмбриогенездің  гаструляция  кезеңі  алғашқы 

кездеріңде  бластуланың  бір  қабат  жасушаларынан  туратын  бластодермадан 

екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық— гаструла дамиды. Оның 

сырқы  ұрықжапырақшасы  —  эктодерма  (грек,  ektos  —  сыртқы;  derma  — 

қабық,  тері),  ішкі  ұрық  жапырақшасы  —  энтодерма  (грек,  endon  —  ішкі... 

қабық).  Гаструляцияның  соңғы  кезеңінде  эктодерма  мен  энтодерманың 

аралығында  хордомезодермалық  өскін  жетіліп,  кейінірек  одан  хорда  жəне 

мезодерма (грек, mesos — аралық, ортаңғы ... қабық) дамып жетіледі. 



78 

 

Гаструланың  дамып  жетілуі  бластуланың  құрылысына  байланысты. 



Сондықтан,  əр  түрлі  жануарларда  гаструляция  процесі  турліше  жүреді. 

Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады: 



1.  Инвагинация  —  қынаптану.  Қандауыршаның  (ланцетник)  шар 

төрізді  іші  куыс  бластуласының  бір  қабат  бластомерлерден  құралған 

бластодерма  түбінің  қабырғасы,  ішіндегі  қуысы  бластоцельге  қарай, 

бластодерма  төбесіне  қарама-қарсы  бағытта  майыса  еніп,  пішіні  қынапқа 

ұқсас  қапшық  тəрізді  екі  қабат  гаструлаға  айналады.  Оның  сыртқы  қабатын 

эктодерма,  ішкі  қабатын  энтодерма,  энтодерманың  ішінде  пайда  болған 

қуысын  біріншілік  ішек  қуысы  немесе  гастроцель  (грек,  gaster  -  қарын  ... 

куысты) — деп атайды. Ал гастроцельдің сыртқы ортамен қатысатын тесігін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет