Бездердің жіктелуі. Бездер — өзінен арнайы бөлінді бөлуге
маманданған жеке жасушалар немесе жасушалар топтары, болмаса жеке
мүшелер. Құрылысына байланысты бездер біржасушалы жəне көпжасушалы
болып үлкен екі топқа бөлінеді. Бөліндіні шығару ортасына қарай бездер:
сыртқы секреция немесе экзокринді бездер жəне ішкі секреция немесе
эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.
Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек, endon - ішке; krino —
бөлу) бездер бөліндісі - инкрет (ішке бөлу) немесе гормон (қоздырушы зат
— грек, hormao — қоздырамын) — деп аталады. Эндокринді бездер
гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа
сұйығына) шығарады. Сондықтан, эндокринді бездер тек бөлінді бөлетін
безді бөлімнен түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |