111
гемолиз — деп атайды. Эритроциттер гемолизі жылан уы, əр түрлі уытты
бактериялар мен ауру тугызушы тоғышар паразиттер уы (токсиндері)
организмге əсер еткен кезде байқалады. Гемолиз — қан топтары сəйкес
келмейтін қанды қүйған кезде де болады. Эритроциттердің тығыздығы қан
плазмасы мен лейкоциттерге қарағанда əлдеқайда артық. Қанды шыны
ыдысқа (пробиркаға) күйып қойып, біраз уақытқа қалдырсақ, онда
эритроциттер қанның түбіне тұнады. Эритроциттердің тұну жылдамдағы
(ЭТЖ) қалыпты жағдайда жануарлардың түріне, тұқымына, жасына,
жынысына байланысты тұрақты көрсеткіш. Сондықтан, бұл көрсеткіш мал
түліктері ауруларын анықтауға көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: